"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ А.Т. ҚАБАШЕВ "ИННОПРОМ - 2023" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІК КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

 "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ Басқарма төрағасы А.Т. Қабашев 2023 жылғы 10-13 шілде аралығында Екатеринбург қаласында (Ресей) өткен "ИННОПРОМ - 2023" халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты.

Іс – шара барысында "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ мен "РИТМ" компаниясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде АЭА аумағында «Майлау және салқындату сұйықтарын, гидравликалық сұйықтықтарды және мұнай өндіруге арналған реагенттерді өндіру зауыты» жобасын іске асыру мүмкіндігі қарастырылды.

Көрмеге мемлекеттік органдардың, даму және бизнес институттарының өкілдері қатысты. 

«Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 128